«Заманауи білім беру үдерісіндегі Сингапур тәжірибесі»
Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдеріне арналған Ikigai School бағдарламасы.
Бағдарламаның мазмұны
Семинар XXI ғасыр дағдыларын білім беру үдерісіне кіріктіру, зерттеушілікке негізделген оқыту моделін талдау және практикалық педагогикалық тәсілдерді көрсетуге бағытталған.
Мақсаты
- XXI ғасыр дағдыларын: сыни ойлау, шығармашылық, коммуникация, коллаборация және цифрлық сауаттылықты білім беру үдерісіне кіріктіруде Сингапурдың тиімді тәжірибесін зерделеу.
- Сингапурдың зерттеушілікке негізделген оқыту моделін талдау және оны оқу-тәрбие жұмысына бейімдеу жолдарын анықтау.
- Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға арналған практикалық тәсілдер мен педагогикалық стратегияларды көрсету.
Күтілетін нәтиже
- Қатысушылар Сингапур білім беру жүйесінің негізгі принциптерін және STEM/STEAM тәсілдерін түсінеді.
- XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдана алады.
- Зерттеушілік қабілеттерді дамытуға арналған оқу ортасын құрудың тиімді жолдарын меңгереді.
- Сабақта зерттеу циклін: бағдарлау, сұрақ қою, зерттеу, талдау, тұжырым және ұсынуды ұйымдастыра біледі.
- Өз тәжірибесіне енгізуге болатын Сингапур үлгісіндегі практикалық шешімдер мен әдіснамалық ұсыныстар алады.
Ұйымдастырушылар
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен «Ikigai School» ЖМ.
Семинардан бейнежазба
Бағдарлама материалдарына қосымша ретінде Ikigai School семинарының бейнежазбасы орналастырылды.
Семинар бағдарламасы
Іс-шаралар мәжіліс залында өтеді. Бағдарламада тәжірибелік баяндамалар, шеберлік сабақтар және рефлексия қарастырылған.
| № | Іс-шара | Уақыты | Өтетін орын | Баяндамашы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Қатысушыларды тіркеу | 08:00-08:50 | Мәжіліс залы | |
| 2 | Алғы сөз | 08:50-09:00 | Мәжіліс залы | Касымбаева Арай Иманбековна, ҚББЖТҒӘО бастауыш бөлімінің жетекшісі |
| 3 | «Заманауи білім беру үрдісінде Сингапур әдістемесін тиімді қолдану» | 09:00-09:20 | Мәжіліс залы | «Ikigai School» мектебінің математика пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әрши Сәния |
| 4 | Іс-тәжірибеден: Проценті бойынша санды табу | 09:20-09:25 | Мәжіліс залы | «Ikigai School» мектебінің математика пәні мұғалімі Мұратбекова Перизат |
| 5 | Іс-тәжірибеден: Коллобаративті оқыту технологиялары | 09:30-09:35 | Мәжіліс залы | «Ikigai School» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумажанова Жанна Анарбековна |
| 6 | Шеберлік сабақ: Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру жолдары | 09:35-09:40 | Мәжіліс залы | «Ikigai School» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мулькибаева Жанна Толеужановна |
| 7 | Іс-тәжірибеден: Математика сабақтарында логикалық тапсырмаларды қолдану | 09:40-10:05 | Мәжіліс залы | «Ikigai School» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрахметова Сабина Санатқызы |
| 8 | Шеберлік сабақ: Бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын арттырудағы STEM әдісінің рөлі | 10:05-10:30 | Мәжіліс залы | «Ikigai School» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Маншук Худайбергеновна |
| 9 | Шеберлік сабақ: «Түрік ғұламалары және олардың мұрасы» | 10:30-10:55 | Мәжіліс залы | «Ikigai School» мектебінің директоры, тарих пәні мұғалімі Абдыкалыков Елдар Ерикович |
| 10 | Шеберлік сабақ: «Оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді әдістер мен стратегиялар» | 10:55-11:20 | Мәжіліс залы | Амирбекова Калдыкуль Сембековна, ШЖҚ «Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназия» МКК, Медеу ауданы |
| 11 | Шеберлік сабақ: «Климаттық белдеулер» тақырыбын оқытуда Сингапурдың белсенді оқыту құрылымдарын тиімді пайдалану | 11:20-11:45 | Мәжіліс залы | «Ikigai School» мектебінің география пәні мұғалімі Кунебаев Айбек Алибекович |
| 12 | Іс-тәжірибеден: Бастауыш сыныпта АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану | 11:50-12:20 | Мәжіліс залы | «Ikigai School» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нусіпова Динара Омарбекқызы |
| Рефлексия | 12:20-12:45 | Мәжіліс залы | «Ikigai School» мектебінің директоры Абдыкалыков Елдар Ерикович, бастауыш сынып мұғалімдері |