Ұстаз профилі

Диана Даулетова Даулетқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі • Гуманитарлық бағыт • Қазақ тілі мен әдебиеті

← Ұстаздар тізіміне оралу
Диана Даулетова Даулетқызы
Негізгі ақпарат

Диана Даулетова Даулетқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі • Гуманитарлық бағыт

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті Тәжірибе: 3 жыл

Даулетова Диана Даулетқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі. Әдеби білім мен оқырмандық қызығушылықты дамытуды басты кәсіби бағыты ретінде ұстанады. Сабақта көркем мәтінді терең талдау, оқушының оқу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық-аналитикалық ойлауды жетілдіруге басымдық береді.

Білімі мен біліктілігі

Академиялық және кәсіби бағыты

Абай атындағы ҚазҰПУ, гуманитарлық ғылым бакалавры, үздік диплом (2019-2023).
Мамандығы: 6B02301 - Филология, GPA 3,89.
Тақырыбы: Көркем шығармадағы мекеншақ категориясы.

Абай атындағы ҚазҰПУ, педагогика ғылымдарының магистрі (2023-2025).
Мамандығы: 7M01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, GPA 3,88.
Тақырыбы: «Орта мектепте әлем әдебиеті озық үлгілерін оқыту арқылы оқырмандық қызығушылықты арттыру жолдары».

Біліктілік санаты: педагог.

Жұмыс ақпараты

Лауазым, бөлім, кабинет

Лауазым: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөлім: Гуманитарлық бағыт
1 Мектеп кезеңі
1 Университет кезеңі
5 Жұмыс кезеңі
Timeline жетістіктері

Мектеп • университет • жұмыс кезеңдеріндегі өсу жолы

Жетістіктер уақыт ретімен көрсетіледі. Үлкен экранда бұл блок диаграмма сияқты көлденең, ал шағын экранда тік форматта ашылады.

Мектеп 2007–2018

Мектеп білімі

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Еңбекші ауылы, Еңбекші орта мектебі КММ

Мектепті «Алтын белгі» төсбелгісімен тамамдады.

Университет 2019–2023

Бакалавр білімі

Абай атындағы ҚазҰПУ

Филология бағыты бойынша үздік дипломмен бакалавр дәрежесін алды.

Жұмыс 2023–2024

Кітапханашы

Алматы қаласы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №14 кітапхана

Оқырмандармен жұмыс істеп, кітап оқу мәдениетін насихаттау бағытында тәжірибе жинақтады.

Жұмыс 2024

Нұсқаушы маман

Абай атындағы ҚазҰПУ, Жастар ісі жөніндегі бөлім

Студенттік ортада ұйымдастыру және бағдарлау бағытында қызмет атқарды.

Жұмыс 2024–2025

«Көркем мәтін поэтикасы» пәні мұғалімі

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат

Көркем мәтінді терең талдау бағыты бойынша пәндік сабақ берді.

Жұмыс 2025

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

№206 мектеп-гимназия

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту қызметін атқарды.

Жұмыс 2025

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ikigai School ЖШС

Икигай мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, ораторлық шеберлік үйірмесін жетекшілік етеді.

Жүктелуде...

Ikigai ЖИ кеңесшісі

Мектеп туралы сұрақтарға жедел жауап

Чатты бастау үшін байланыс деректеріңізді қалдырыңыз.

ЖИ кеңесшісі тек Ikigai мектебі туралы берілген ақпаратқа сүйеніп жауап береді.