Академиялық және кәсіби бағыты
Білімі:
- әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бакалавр және магистр дәрежелерінің иегері.
- Оңтүстік Корея, Сеул қаласындағы Dongguk University университетінде академиялық тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша білімін жетілдірді.
- Сингапурдың Education 4.0 бағдарламасы бойынша халықаралық біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Кәсіби жетістіктері:
- «Алматы қаласының жыл мұғалімі - 2023» байқауының жеңімпазы.
- Әкім гранты байқауының жеңімпазы.
- Pyvela білім беру бағдарламасының авторы.
- Бірнеше оқу құралдары мен әдістемелік оқулықтардың авторы.
- Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ сарапшысы.
Еңбек жолы:
Елдар Ерікұлы педагогикалық қызметін Алматы қаласындағы №39 лицей, №161 лицей және №168 мектеп-гимназия сияқты жетекші білім беру ұйымдарында атқарған. Осы жылдар ішінде білім беру сапасын арттыру, оқушылардың академиялық нәтижелерін жақсарту және заманауи оқыту әдістемелерін енгізу бағытында табысты жұмыс жүргізді.
Ұстанымы:
«Әр баланың бойында ерекше қабілет бар. Ұстаздың міндеті - сол қабілетті тауып, оны өмірлік мақсатына айналдыруға көмектесу.»